Без рубрики

Instagram – ды алға жылжытудың жолдары

Сәлем, құрметті оқырмын. Бүгін көпшілік қолданатын Instagram әлеуметтік желісін алға жылжытудың тәсілдерін қарастырамыз. Жалпы бұл көптеген осы желіні қолданатындар үшін пайдалы болмақ, себебі бұл жерде тек суретпен бөлісіп лүпіл жинаудан басқа, тауар сатып бизнес жасайтындар көп кездеседі.

Instagram – әлеуметтік желісінің негізгі мақсаты қолданушылардың сурет және шағын видеолар арқылы басқа да адамдармен бөлісуін қамтамасыз ету, жалпы қолданушылар саны жарты миллиардтан асып жығылады.

Кез-келген желі қолданушысы өзінің оқырмандар санының көп болғанын қалайды, қандай әлеуметтік желі болса да. Көбінің ойы лүпіл, репост немесе пікірді көбірек жинау. Дегенмен айтып өткенімдей осы желіде тауар сатып бизнес жасайтындар саны біз ойлағаннан да көп, сірә оны сіз де байқаған боларсыз және тауар сатып алатындарды да жеткілікті түрде табуға мүмкіндік бар. Ал табысты жақсы табу үшін жазылушылар саны да маңызды рөл атқарады.

Біз көп сөйлемей қандай да бір тауарды сату үшін Instagram – ды алға жылжытудың тәсілдерін қарастырып көрейік.

Instagram неге бизнеске пайдалы?

Instagram қолданушыларын негізгі аудитория ретінде қолданып бизнес жасайтын көп екенін айтып өттім, бұның басты себебі менің есептеуім бойынша:

Қолданушылардың белсенділігі. Егер байқасаңыз, кейбір әлеуметтік желілерден парақша ашып алып, көп уақыт ешқандай сурет немесе мәтіндік ақпарат жазбай кететіндер бар, ал біз айтып отырған Instagram – ның аудиториясы әлдеқайда белсенді.

Жазылушылар базасын басқаларына қарағанда жылдам жинауға болады. Жазылушылар санын арттыру басқа әлеуметтік желілерге қарағанда жеңіл. Ең кең таралған тәсілдері аямай, шытырлатып басқа адамдарға жазыла беру немесе лүпіл қойып шығу. Бірақ бұдан да ыңғайлы тәсілдер бар, ол туралы сәлден кейін…

Қандай да бір тауарды жарнамалауға оңтайлы. Сататын тауарыңыз қандай болса да оның сіздің аудиторияңызға дұрыс көріне білуі. Instagram – ның дизайны осыған өте ыңғайлы, суреттер анық көрінеді, тек сілтеме қойылмайды. Менің айтпағым басқа да сайттарға әзірше сілтеме жазылмайды, тек басты профилге ғана қоюға мүмкіндік бар.

Ал енді басты тақырыпқа оралайық, Instagram – ды қалай алға жылжытуға болады?

Мен жаңа ғана ең кең таралған тәсілдердің бірі, массалық түрде жазылу немесе лүпіл басу туралы айтып өттім, дәл осылай пікір жазуға да болады.

Бұның бәрін қолмен істеуге болатыны белгілі, бірақ сіз білесіз бе? осының бәрін автоматты түрде жасауға мүмкіндік көп. Дәл осыған арналған бірнеше сервистерге тоқталайық:

 

InstaPlus –  менің білетін сервистердің ішіндегі ең тиімдісі және көп функционалды, бағасы жағынан да тиімділі бар. Бұл арқылы автоматты түрде лүпіл басуға, жазылуға, жазылымнан бас  тартуға және пікір жазуға болады. Бұның бәрі автоматты түрде іске қосқаннан кейін күні-түні жұмыс жасап тұрады. Былай қарайтын болсақ Instagram арқылы бизнес жасап жүргендерге осы пайдалы болады.

Тіркелгеннен кейін бір күн, тегін қолдануға болады.

 

DoInstaБірінші аталған сервистің функциялары бұда да бар. Басқа да қажетті функциялар жағынан да InstaPlus – тан кем түспейді.

Тіркелгеннен кейін 3 күн тегін қолдана аласыз. Айтуға тұрарлық кемшілігі instaplues – қа қарағанда бағасы қымбаттау.

 

Дәл қазіргі уақытта Instagram аудиториясын пайдаланып бизнес жасап, жақсы табыс табуға болады. Ал біз көрсеткен сервистер арқылы аудиторияны болжап, алғашқы тұтынушыларыңызды таба аласыз.

Әрине, технология дамыған сайын жаға шешімдер қалыптасады, бұдан басқа да әртүрлі бағдарламалар бар, олар арқылы да әлеуметтік желідегі парақшаны алға жылжытуға болады, бірақ бір кемшілігі ол үшін сіздің компьютеріңіз және ол ғаламторға қосылып жұмыс жасап тұруы керек.

Бұл үнемдірек болғанымен ыңғайсыздық туғызады, сондықтан әмбебеп шешім деп мен онлайн сервистерді айта аламын.

Блог соңында айта кетейін, мен сізге арнап сөзжұмбақ дайындап қойдым, шешім қараңыз. Ол мына сілтемеде.

Бүгінге осы келесі кездескенше.