Без рубрики

Қытаймен бизнес жасау туралы

Сәлем достар.

Бизнестің ең көп кездесетін түрлерінің бірі ол – сауда. Иә, біреуден алып екінші бір адамға қымбаттау бағаға сату арқылы кіші бизнестен, үлкен бизнеске дейін жасауға болады.

Саудада ескерілетін жайттардың бірі, саудадан түсетін пайда. Яғни сіз бір тауарды 3000 теңгеге алып, басқа жерге 4000 теңгеге өткізе алуыңыз мүмкін, бірақ баға айырмашылығы деген бар. Егер дым көбірек қоятын болсаңыз, саудыңыз сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Сондықтан тауарды мейілінше аз бағада алып, басқа жерде қымбатырақ бағада сатуға мүмкіндік беретін басқа бір тәсіл керек. Өзіңіз түсінген боларсыз? Қазіргі уақытта Қытайдан тауар алып Қазақстанда 2-3 есе қымбат бағада сатып жүргендерді мен өз көзіммен көргенмін. Ал бұны сол Қытайдан тауар алып жүргендер ғана, бағасындағы айырмашылықты байқауы мүмкін. Ал басқасы бұны байқай бермейді.

Саудада көбірек табыс табу үшін, көбірек сата білу жеткіліксіз, сонымен қатар тауарды мейілінше арзанырақ жерден алған тиімді. Ал Қытай мен Қазақстанда сатылатын сырттары мен көлемі бірдей тауарлардың баға айырмашылығы үлкен. Мысалы Қазақстанда 13000 теңгелік тауарларды, Қытайдан 2000-3000 мың теңгеге сатып алуға болады. Шамасы баға айырмашылығын түсінген боларсыз?

Қытайдан тапсырыс жасау дегенде, кейбіреулердің ойларына аса қиын бір жұмыстар елестейді. Мысалы өткенде бір жігіт Вконтакте желісі арқылы менен, бір тауарды қайдан алуға болатын сұрады. Мен айттым “Қытайдан тапсырыс берсең арзандау болады” деп. Сонда ол айтады маған: “Қытайға барып келу керек, оған аудармашы керек”, Ол қиындау деген сияқты қылып. Енді оған түсіндіріп жібердім бәрін. Ал былай қарасақ оның әңгімесін 90 – шы жылдар болса түсінуге болады, бірақ қазір бұл үлкен мәселе емес, ғаламтор деген бар.

Ғаламтор арқылы зат сатуды, ағылшындар ойлап тапса, ал оны жалғап кеткен Қытайлықтар болды. Қытай мен Қазақстан арасындағы тауар бағасының айырмашылығы үлкен екенін айтып өткен болатынбыз, сондықтан Қытайдан тауар алып бизнес жасауға болады.

Бұның тиімді жақтары


Тиімді баға. Көптеген тауар түрлерін арзан бағада алып, үстіне 2-3 есе тіпті одан да көп баға қойып сатсаңыз болады.

Таңдау көп. Ең танымал деген бір ғаламтор дүкенін алатын болсаңыз, ішінен 100 миллионға жуық тауарды табуға болады. Сондықтан сатқан кездесе бәсеке жоқ болатын тауар түрін таңдап алуға мүмкіндігіңіз бар.

Әрқашан байланыста. Тауар сатушылардың бәсекесіне байланысты, Қытайлықтар әрбір сатып алушыны жоғары дәрежеде бағалайды. Оған менің де көзім жетті, себебі мен де бірнеше тауар түрін алып қарадым, сатушылары қойылған сұраққа толық жауап береді, тіпті алдын ала саудаласып тауарды одан да арзан бағада алуға болады.

Сіз ойлауыңыз мүмкін: “Егер Қытайдан алуға болатын болса, онда 2-3 есе бағада қойсам кім алады?” – деп. Бұдан қорқудың керегі жоқ, себебі қазіргі адамдардың уақыты аз, олардың көбі Қытайдан алдырып уақыт жоғалтқаннан өзіне ең жақсын тұрған жерден алуға тырысады, екіншіден бәрінің де Қытайлық ғаламтор дүкендерінен тауар алу туралы білейді.

Жалпы қорыта айтатын болсақ, саудамен айналысатын болсақ Қытайдың беріп тұрған мүмкіндігін де пайдаланған дұрыс. Әрине кейбір тауарларды қытайдан алған тиімсіз. Мысалы дәрі-дәрмек немесе азық-түлік деген сияқты.

Бүгінге осы келесі жазбаларда кездескенше.