Мамандық таңдауда жіберілетін, 3 басты қателік. Соңында жұмыссыз қаласың немесе жұмыстан қуыласың.

Адам өмірде екі зат таңдаудан қателеспеу керек екен. Оның не екенін бәріміз білетін  шығамыз, яғни қатын таңдағанда, то есть, әйел таңдағанда және мамандық таңдағанда. Бірақ мамандық таңдағанда көбі ескере бермейтін, жайттар бар, соны айта кетейін.

Ол саған қызық емес. Бұл көбінің жіберетін қателігі, мамандық таңдағанда жалақысы үшін немесе басқа біреу айтты екен деп өзіне қызық емес және қолынан келмейтін бір мамандықты оқып алып, уақытын босқа өткізіп алады. Олай жасаудың мүлде қажеті жоқ, өзіңе қызықты және қолыңнан келетін ғана мамандықты таңдап оқыған дұрыс.

Ол сұранысқа ие емес. Қазір сұранысқа ие емес мамандықтар, өте көп. Яғни осындайлардың бірін таңдаған жағдайда, қанша қызыл дипломы болса да, соңында жұмыссыз қалу мүмкін. Мынадай сұрақ туындауы мүмкін: “Ол мамандық маған ұнайды, бірақ қалай таңдамаймын?” – деген. Бірақ сізде түсінуіңіз керек, адамға бір ғана сала тән емес, жаратылысынан біраз дүниеге икемі болады. Өзіңізге ұнайтын және қызықты мамандықтардың тізімен жасап алыңыз да, ең сұранысқа иесін таңдаңыз.

Елімізде техникалық мамандықтар сұранысқа ие екенін, айтқым келеді.

Басқа біреудің ықпалы. Бұл сірә, көбінде кездесетін жайт. Басқа біреу айтты екен деп, соны таңдап, оқып жүргендер көп. Бірақ бұл дұрыс емес екенін өзіңіз де түсініп отырған шығарсыз. Әсіресе ата-анамыз, мамандық таңдап беруге тырысады, бұндай жағдайда, жәйлап қана өз ойыңызды білдіргеніңіз дұрыс болады.

Мен әлеуметтік желіде, арнайы сауалнама жүргізіп көрдім, яғни “Диплом бойынша жұмыс жасап жүрсіз бе?” – деген тақырыпта, 62% — ы  “жоқ” – деп жауап берген. Бұған басты себеп, мен жоғарыда айтып кеткен, жағдайлар.

Адамның бала кезіне – ақ, бір шаруға икемі мықты болады. Осылардың бәрін, қоса білсе, жақсы маман иесі шығары анық, құрметті достар.

Бүгінше, менің айтарым осы, келесі кездескенше.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *