Без рубрики

Мамандықты қалай таңдаймын?

Ассалаумағалейку, менің атым – Ертай Қуанышов.

3 жыл бұрын мектеп бітірдім. Мектеп оқып жүрген кезде, сабақ беретін ұстаздардың ішінен, әрең келіп кетіп жүргендерін талай рет көргенмін. Бізге ешқашан мұғалім болмаң деп кеңес айтқандары да болды.

Бір күні, мектептегі сыныптасымды көріп қалдым. Мектеп кезінде, режиссер болатынын айтқан. Видеомонтаж жасап, әртүрлі дүниелер жасап жүргенін өзім көргенмін. Ал қазір, медицина саласында оқып жатырғанын білдім. Сабақ кезінде, уақыттың әрең өтетінін айтты.

ЦОН, мемлекеттік мекемелер, аурухана секілді әртүрлі орындарға барғанда қызметкерлерінің әрең отырғанын байқаймын. Әдейі мәжбүрлеп отырғызып қойған секілді, көңіл күйде отырады.

Менің мамандығым бағадарламашы, маған 4-5 рет диплом жазу бойынша ұсыныс болды. Әрине ешкімге жазып берген жоқпын, бәрінен бас тарттым.

Қалай ойлайсыз, бұлардың бәріне ортақ не нәрсе? Әрине мамандығы дұрыс таңдалмаған.

Мамандық таңдағанда, қандай дүниелерге мән беріледі?

Құлаққа жағымды естіледі немесе крутой. Мысалы: Заңгер, мұнайшы

Креслода отырады

Айлығы көп

Грант берді, сондықтан оқимын

Оқу бағасы арзан

Әйтеуір диплом алсам болды немесе әйтеуір оқу керек

Бәрі соны оқып жатыр, мен де оқимын

Маған осыны оқы деді

Таныс сөздер ме?

Бәрі дұрыс таңдау емес. Қызығушылық болмаса, кез-келген саланы меңегеру қиын. Соңында дипломы бар, таксистер, магистратураны оқыған даяшылар немесе дипломы қызыл күзетшілер деген сөздер шығады.

Мамандықты қалай дұрыс таңдауға болады?

Ең басты есеретін дүние – қызығушылық. Сізге біреулер, бірінші сұранысқа иесін қара, сұраныс болмаса жұмыс болмайды деуі мүмкін. Бәрі бос сөз. Заңға қызығатын болсаңыз, соны оқыңыз. Заңгерлер қанша көп болсада, қызығушылығы бар адам, ең мықты маман болып шығады. Ал оған жұмыс әрқашан табылады.

Қандай дүниеге қызығасыз? Программа жазу, сурет салу, дизайн, үй жануарлары, емдеу мүмкін зерттеу немесе видеоға түсіру болуы мүмкін, тағы да, компьютермен жұмыс не оны жөндеу.

Қайда оқу керек?

Жақсы маман болудың жалғыз жолы – өмір бойы оқу. Көпшілік мамандар оқу бітіргесін оқымайды. Күн сайын мамандығыңызға қатысты білім алыңыз.

Универ, колледж таңдарда ұстаздардың біліміне, оқу орнындағы тәртіпке қараңыз.

2016 жылы Бейнеудегі Политехникалық колледжге емтихан тапсырдым. Сыртта басқа да емтиханға қатысушылармен әңгіме айтып тұрғанда, бір жігіт іштегі бір адамға пара бергенін айтты. Іштегі ұстаздарға қатысты да сондай әңгімелерді естігенмін. Мен емтиханнан өтпей қалдым. Қазір ойлап қарасам, керемет жолым болып кеткен екен. 🙂

Диплом жаздырып алу, бағаны сатып алу, курстық жұмыстарды біреуге жасату секілді істерге қатысы бар адамнан ештеңге шықпайды.

Ондайды байқап қалсаңыз, бірден қажетті орындарға арыз жазып, орнына қойып тастаңыз. Бірақ дәлел болуы керек. Камераға түсіріп алсаңыз болады. Жаңағы оқу орнының үстінен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлімге арыз жазғанмын, дәлел жоқ болғандықтан іс жабылды.

Тәжірибеңіз болмаса, маман емессіз. Жұмыс таба алмасаңыз, тегін жұмыс жасап тәжірибе жинауға болады.

Немесе ең аз айлыққа жұмыс жасауға келісіңіз.

Тәжірибең қанша көп болса, сонша жақсы мамансың.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *