Без рубрики

Мен осы кітаптарды оқыдым және сізге де ұсынамын

Сәлем, құрметті достар. Қазір сағат түнгі 11 – ден асып кетті, далада жаңбыр жауайын деп тұр, дәл осы отырған кезде, өзім оқыған кітаптар туралы блогты жазу туралы ой келді. Ендеше мен сізге өзім оқыған кітаптар туралы айты кетейін.

Жалпы алатын босам, өзім бестселлер атанған кітаптарды оқығанды ұнатамын. Соңғы жылдары біраз кітапты оқып, көптеген пайдалы ақпараттар алдым десем қателеспеймін. Солардың ішінен өзіме ұнаған бірнешеуін сізге оқуға ұсынамын, мүмкін оқыған да шығарсыз.

Ойлан да Байы / Наполеон Хилл

Бұл әлемдік бестселлер қатарынан түспеген кітаптардың бірі және әлемдік көптеген тілдерге аударылды. Автор осы кітапта жетістікке жеткізетін құпияны табуға көмектеседі. Бірақ ол құпия жалғыз емес, оны әркім әртүрлі түсінеді. Қысқаша айтатын болсақ – өте тамаша жазылған кітап. Бірінші осыдан бастап оқуды ұсынамын. Себебі әрбір адамға қажетті ақпараттар мықты қамтылған, маған көп пайдасын тигізген осы кітап деп айта аламын.

Айтпақшы, бұл кітап қазақ тіліне де аударылды. Кітап дүкендерінен табуға болады.

Жеңімпаздар заңы / Бодо Шефер

Бодо Шефердің жазған кітабы десе, не туралы екенін сұрамай-ақ оқуға дайынмын. Себебі бұл кісі соған тұрарлық кітаптардың авторы, әлемдік бестселлер қатарына енген, бұл кітапты тізімге қосып қойыңыз.

Бұл кітаптың басты артықшылықтарының бірі, тапсырмалар бар. Яғни бір бөлімді оқып бітірсеңіз, астында сізге тапсырма беріледі. Соны орындау арқылы, берілген ақпаратты тезірек игеруге болады.

Ал енді отандық авторларға тоқтала кетейік.

Аманжол Рысмендиев / Өзіңді оят

Сіз білесіз бе? Біздің авторлардың кітап жазудағы басты артықшылықтарының бірі не деп ойлайсыз? Жарайды өзім айтайын, ол – біздің менталитетке негізделген дүниелер.

Тағы да оқи отырыңыз: Мен оқитын авторлар


Менің өз байқағаным шетелдік авторлардың кітаптарын оқып отырсаңыз, біздік менталитетке келмейтін ең жоқ деген бір-екі дүние байқап қалуға болады, егер шетелдік авторадың кітаптарын оқыған болсаңыз өзіңіз де байқаған боларсыз.

Ал Аманжол Рысмендиев кітаптарын қазақы менталитетке сай етіп жазып шыққан, сондықтан қысқа және нұсқа ақпараттар қажет болса, өзіңді оят деп аталатын кітабын оқуды ұсынамын.

Мен қазір тағы бір кітапты оқып жатырмын, ол да әлемдік бестселлер қатарында тұр, ол туралы оқып болған соң, жеке блог жазамын деп шештім.

Ал сіз соңғы рет қандай кітап оқыдыңыз?