Ноутбукты қалай таңдаған дұрыс?

Сәлем, құрметті достар.

Заман ағымы кеңейген сайын, компьютерге тәуелділік те артып келе жатыр. Мысалы қағаз жазу үшін немесе баяндама жасау үшін, презентация тағы да басқа жұмыстарға оның маңызы да пайдасы да зор. Бірақ үстел компьютерлері тек үйде немесе офисте қолдануға ыңғайлы болғанымен алып жүре алмаймыз, сондықтан көпшілігі ноутбукты қолданады немесе екеуін де сатып алып, қажет кезінде қолданып жүреді.

Сондықтан біз ноутбукты қалай таңдау қажет, сол жағына тоқтала кетейік.

Кез-келген дүниені сатып алмас бұрын, оның не үшін керек екенін ойластырып аламыз, солай емес пе? Сізді білмедім, менде солай.

Ноутбук сатып алмас бұрын да, осы жағын ойластырып аласыз, себебі оның да түрлері көп және бағасы да осыған қарай әртүрлі болып келеді.

Мысал сізге тек қағаз жазу үшін керек болатын болса, аса жоғары өнімді компьютер қажет емес. Бұған орташа жылдамдықта жұмыс істейтіндері де жарайды.

Ал бұндай шағын жұмыс емес, мысалы ойынға арналғаны болса, әңгіме мүлде бөлек, себебі ойындар компьютерге ең көп күш түсіретін қосымшаларға жатады.

Жақсы ноутбукты мен ұсынатын ең оңай және тиімді деген 2 тәсіл арқылы таңдай аласыз:

Брендке қарап алу. Бұл өте оңай кез-келген электроника дүкеніне барасыз да, атақты деген компанияның өнімін сұратасыз. Мысалы Apple, оның McBook – тарының сапасы жақсы және кез-келген күрделі жұмысқа да болады. Бірақ баға жағы жоғары, дегенмен сапа үшін төлейтіндерге арналған жақсы шешім.

Ойынға арналғанын алу. Айтып өткенімдей, ойындар компьютерге ең көп күш түсіретін қосымшалар, сондықтан ойын үшін арналған компьютер басқа да бағдарламалармен оңай жұмыс жасайды. Мысалы фотошоп.


Ал бұл тәсілдер ыңғайсыз болса, GHz (Гегагерц) – ге қарап алған дұрыс, егер бұл термин сізге бейтаныс болса, уайымдамаңыз. Бұл дегеніміз арнайы санға тең — шама, яғни бұл қанша жоғары болса, сіздің компьютеріңіз де сонша жылдам жұмыс істейді. Ноутбукта бұл 2 GHz – тен төмен болмағаны дұрыс.

Бүгінше осы келесі, кездескенше.