Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Time-менеджмент

Time-менеджмент ол уақытты жоспарлау.Қазіргі қарбалас заманында уақытты тиімді пайдалану өте маңызды.Сондықтан әркім өзінің өткізетін күнін жоспарлап алуы тиіс.Бұл не үшін маңызды? Маңызы мынада,егер сізде күндік жоспар болатын болса онда сіз көп ісіңізді бітіре аласыз.Мысалы:сізде жоспар жоқ болатын болса онда қай кезде не істейтініңізді білмейсіз

және кез-келген бір жұмыспен айналысып кетуіңіз мүмкін сосын ол жұмысты бітірген соң тағы да не істейтініңізді білмей ойланып қаласыз бұл кезде көп уақыт жоғалтып жұмыстың барлығын істеп үлгере алмайсыз.Бұл әрекет күннен-күнге жалғаса береді.Бұндай жағдайдан құтылу үшін уақытты жоспарлай білу керек.Бүгінгі күнде барлық адам жаспармен жүреді дей алмаймыз.Осындай адамдардың қатарынан болмас үшін уақытты жоспарлай білу керек.Уақытты әрқашан жоспарлап жүру жұмыс өнімділігін арттырады.
Уақытты үнемді пайдаланып жоспар құрудың бірнеше тәсілі бар.Біріншісі және ең тиімдісі ол қай уақытта не істейтініңізді алдын ала жазып қою.Мысалы:11:00/13:00-ге дейін кітап оқимын деген сияқты ол жерге қандай кітап оқитыныңызға дейін жазып қоюыңызға дейін болады.Екіншісі ол тек не істейтініңізді ғана жазып қою уақытын жазбайсыз.Бұл бір жағынан қарайтын болсақ дүкенге барған кездегі азық-түлік тізмі сияқты болып көрінеді.Менің ұсынарым бірінші тәсіл.
Уақытты тиімді пайдалану үшін ең жоқ дегенде ертең істейтін үш ісіңізді ойластырып қойыңыз.
Бұл міндетті түрде уақытыңызды үнемдейді.Time-менеджмент деп отырғанымыз міне осы.

. . .

Толық оқу

Интернет дүкен ашудың пайдасы қандай?

Қазіргі заманда дүкен аралап жүргеннен көрі интернет дүкеннен тапсырыс беретіндер көп,осыған қарап ғаламтор дүкендердің болашағы жақсы екенін көреміз.Ал енді біз осы интернет дүкен бизнесі туралы айтайық.

Толық оқу

Wunderlist бағдарламасын қолданасыз ба?

Time-менеджмент блогында мен уақытты жоспарлау туралы айтқан болатынмын және сол жоспарды орындау үшін жұмыстардың тізімін жасау керек болады.Әдетте оны қарапайым қағазға жазып қоюға болады.Бірақ ол жоғалып қалса бүкіл жоспар жөніне қалады.Осындай келеңсіздікті болдырмас үшін сізге wunderlist бағдарламасы керек.Бұл бағдарлама тізім жасауға арналған.

Бағдарламаны пайдалану үшін сайтына өтіп тіркелеміз.Тіркелген соң аккаунтқа кіреміз.Сіз тізімді онлайн режимінде жасай аласыз. Яғни бағдарламаның web нұсқасы бұл әрине ыңғайсыз.Сондықтан оның бағдарламысын компьютерге орнатып алғанымыз дұрыс және тізімді офлайн режимінде жасап кез-келген уақытта қарауға болады.

Сонымен қатар бағдарламаның андройдқа арналған нұсқасы бар,ол арқылы жоспарды телефон арқылы жасап,өңдеуге тағы да басқа көптеген функциялары бар.Тағы бір өте ыңғайлы функциясы ол синхрондау,яғни сіз компьютер арқылы жоспар жасап қайсаңыз ол телефонға да барып тұрады.Жоспарға қашан орындау керек екенін көрсетіп қойсаңыз сізге сол күні ескерту келіп түседі.

. .

Толық оқу

E-mail маркетинг туралы

Қазіргі кезде маркетинг деген сөзді жиі естиміз бірақ e-mail маркетинг туралы біреу білсе біреу білмес. Осы туралы әңгіме қозғайық.

E-mail маркетинг-белгілі бір қызмет түрін немесе тауар туралы сіздің электронды почтаңызға келетін хабарламалар.Ондай хабарламада көбіне сатылатын тауарлар мен жеңілдіктер туралы жазылады,әрине тек тауар түрлері емес егер жаңалықтар сайтына өзіңіздің e-mail-ды қалдырған болсаңыз жаңа жазбалар туралы ескерту де болуы мүмкін. E-mail маркетинг бизнесті дамытып сатылым көрсеткішін жақсартады,сондықтан e-mail маркетингті бизнесте қолдану өте тиімді.

Сіз интернет дүкендерден және басқа сайттардан e-mail адрес жазуға арналған шағын бөлікті көрген боларсыз,бұл жерге қолданушы өз e-mail адресін қалдырады,сосын оған сол сайттағы жаңалықтар тауарлар туралы хабарлама келіп тұрады.

Толық оқу

Егер сайт жасауды білсеңіз немесе сайтыңыз болса…

Қазіргі ақпараттық технология заманында web-бағдарламалауды білген адам біраз дүние істей алады. Қарапайым сайттан күрделі сайтқа дейін жасай алу үшін web-бағдарламалауды(программалауды) білу керек. Жақсы сайт жасау үшін HTML, CSS, JavaScript, PHP, MySQL-ді білуіңіз керек,бұлар бағдарламалаудың негізгі бөлігі.

Толық оқу

Электрнды әмиянның пайдалы жақтары және оның түрлері

Электронды әмиян-бұл сіздің ақшаңызды ғаламторда cандық түрде сақтауға мүмкүндік беретін жүйе.Бүгінгі күнде көптеген адамдар ақшаны қол әмиянында сақтайды және керек кезде содан алып есеп айырысады.

Толық оқу

Ақпараттық қауіпсіздік

Бүгінгі менің қозғайын деп отырған тақырыбым ол қазіргі заманғы ақпараттық қауіпсіздік. Бүгінде әрбір адам ғаламторды падаланады және содан зардап шегіп те жатыр,бұған не себеп дейтін болсақ айтылатын зат өте көп. Ғаламтордан қандай зиян бар, әуелі соны тізіп шығайық.

Толық оқу