ЭЦП кілтін қалай ашуға болады?

ЭЦП кілт арқылы, қажет құжаттарды үйрде отырып алуға болады. Ол үшін ЭЦП кілт ашу керек. Кілт ашудың 2 жолы бар. Екі тәсілде де СОН — ға барасыз.

Флешка арқылы

Минимум 1 GB – тық флешка алып, сонға барасыз. Кілтті флешкаға жазып, қағазға пароль жазып береді. Алғаннан кейін, паролін кейін өзгертіп. Оңайп қылып, стандартты қылып жазып береді. Мен алғаш рет кілт ашқан кезде, оны білген жоқпын және парол өзгерту туралы да маған айтқан жоқ. Мынадай оқиға болды. Біреуге кілтті жібердім, бірақ сон жазып берген паролді айтқан жоқпын. Кейін отырғанын көргенде таң қалғанмын. Таныстардың арасында да осындай оқиға болған. Сөйтсем стандартты паролді арқылы кірген екен. Мен болса, бұндай пролді ешкімде жоқ, менде ғана деп ойлағанмын. Кілттің паролін осы жер арқылы өзгерте аласыз.

Сайт арқылы, флешкасыз

Екінші рет кілт ашқан кезде, осы тәсілді қолдандым. Бірінші осы сайтқа өтіп, “Өтінім беру” дегенді басасыз. Әрі қарай кілтті сақтайтын жерді таңдауыңыз керек. Арнайы қағаз береді. Соны шығарып алып, СОН — ға барасыз. Жұмыс аяқталғаннан кейн, осы жердегі өтінімнің статусын тексеру дегенді басып, өтінім номерін жазасыз. Әрі қарай, жаз деген ақпараттарды жазып, компьютерге жүктеп аласыз. Кілтті жүктейтін жерді таңдаған кезде, өтінім берген кездегі папканы таңдауыңыз керек. Жүктеп алғаннан кейін, бұлтты сервиске сақтап қойыңыз. Кез-келген жерде қол жетімді болады. ЭЦП кілт 1 жылға дейін жарамды. Бір рет алғаннан кейін, жеке кабинет арқылы сонға бармай жаңасын алуға болады.

Оқитын Колледж, Универді қалай таңдау керек?

Aliexpress — тен қалай тапсырыс береді? 0 — ден бастап, почтадан алуға дейін

Қазақстанда IT мамандар дайындау туралы | Аудиоподкаст



Қазақстандай IT мамандар дайындау

 

Мамандықты дұрыс таңдадыңыз ба? 5 сұрақ арқылы анықтаңыз

Ассалаумағалейкум.

Менің таныстарымның арасында, оқу бітіргенімен өз саласын түсінбейтіндер бар. Қалай мамандық таңдау туралы жаздым. Мамандықты дұрыс не бұрыс таңдағаныңызды 5 сұрақ арқылы біле аласыз:

Жұмыстан кейін де, осымен айналысасыз ба?

Ерікті түрде салаңызбен айналыссаңыз, тамаша!

Бос уақытта айналысасыз ба?
Жұмысында басқа, бос уақытында басқа іспен айналысатындар көп. Айталық аспаз болып жасайды, бос уақытында тігінмен айналысады. Онда тігінші болуы керек еді.

Мамандық бойынша қосымша ізденесіз бе?
Нағыз мамандар, қосымша ізденетіндер. Егер универден кейін, өз қалауыңызбен жаңа дүниелер үйренбесеңіз, артта қалып қоясыз. Қосымша ізденбеу сізге ұнамағаннан.

Демалыс күндері айналысасыз ба? Кейбір мамандар, күнде демалыс болса да өз саласымен айналысады.

Салаңыз бойынша, аз дегенде 2 сағат айта аласыз ба? Қанша көп айта алсаңыз, сонша жақсы.

Қанша»Иә» — деп жауап берсеңіз, мамандықты сонша дұрыс таңдағансыз. Ал керісінше болса, таңдаған мамандығыңыз дұрыс емес. Басқа салаға ауысуды ойлаңыз.

Мектеп оқып жүргенде, «мұғалім болмаң» — дейтін ұстаздарымыз болды. Дәл осылай айтатын ұстаздардан, қандай оқушы шығатынын ойлап көріңіз.

Универ бітірейін деп тұрса да, маған дипломдық жұмыс жазу туралы ұсыныс жасағандар да 4-5 рет кездесті. Дипломдық жұмысты қарасаң, қиын жұмыс емес. Әрине диплом жазып беретіндей ақымақ емеспіз.

Қарапайым жұмысты жасай алмаса, дипломмен не істемек деген сұрақ туындайды. Бәрі дұрыс таңдалмаған мамандықтан.

Қазірден бастап, қызықты мамандық таңдаңыз.

Youtube — студиямен жұмыс. Youtube сабақтары

Youtube студиямен жұмыс. Қандай мүмкіндіктері бар? Монетизация туралы.

Сайт жасаудың 4 жолы


Сайт жасау туралы сұрақтарға жауап беремін. Сайт жасаудың ыңғайлы 4 жолын біліңіз.


Пайдалы сілтемелер:

IT саласы туралы каналым: https://bit.ly/2xHaviU

GUM: https://bit.ly/2YHXFwF

Tilda: http://bit.ly/2A0faAr

PlatformaLp: http://bit.ly/2xVl1S7

Сұранысқа ие 3 мамандық. Универге 1000 000 шығындамай, өзің үйрене аласың

Сұранысқа ие, 3 жаңа мамандықтар

Қандай мамандық таңдаймын? — дегендерге жаңа мамандықтар тізімі. Барлығы сұранысқа ие. Болашағы бар.

ИНСТАГРАМ СУРЕТКЕ 5 КЕҢЕС

ИНСТАГРАМ СУРЕТКЕ 5 КЕҢЕС

Инстагрмаға сурет салатын болсаңыз, осы 5 кеңес арқылы сапаңызды 3 есе көтере аласыз.

================

ЖАРЫҚ ҚОЛДАНЫҢЫЗ

Сурет анық көрінуі үшін, жарық жерде түсіріңіз. Жетпей тұрыса, телефонның вспышкасын(қазақшасы қалай? 🙂 ) қолданыңыз.

Түсіретін нысан кіші болса, лайтбокспен түсіріңіз. Olx — те 5-8 мың тг.

Арнайы жарықбергіштер арқылы, сапалы жарық алуға болады. Ыңғайына қарай баптау арқылы, қарағаныңыздай сурет шығара аласыз.

Үлкен нысандарға бағыттау арқылы, сапалы бейне аласыз. Фотостудияларда қолданады.

Тегіні қажет болса, аспанда күн бар. :)

================

СУРЕТТІ ӨҢДЕҢІЗ

Өңдеу арқылы сапасын, 2 есе көбейте аласыз. Инстаграмның фоторедакторы да ыңғайлы және тез.

Play Market — те Pixlr қосымшасын да байқап көріңіз.

================

САПАЛЫ ЕТІП ТҮСІРІҢІЗ

Соңғы 5 жылдыққа жататын, смартфондармен жақсы сурет түсіре аласыз. Түсірмес
бұрын, камерасын шаң-тозаңнан тазалаңыз.

Кәсіпқой фотографтар таймер қолдануды ұсынады. 3 сек қойсаңыз, басқаннан кейін 3 секундттан кейін түсіреді. Қолмен басқан кезде, құрылғы жылжып, сапасына кері әсер етеді.


=================

СТАНДАРТТЫ КАМЕРА ҚОЛДАНБАҢЫЗ

Телефоныңыздың өзінде, камера болады. Оны қолданбаңыз. Android — қа OpenCamera қосымшасы бар.

Instagram — ның өз камерасы да жақсы. Бірақ киберқауіпсіздік жағынан дұрыс емес. Бұл басқа әңгіме. :)

=================

ШАҒЫН қателіктер жасамаңыз

❌ Тым қараңғы жерде түскен.

❌ Жарық тым жоғары. Шағылысып тұрады.

❌ Декорация көп. Ненің қайда тұрғаны түсініксіз.

❌ Сапасы төмен, бұлдырап тұр.

Инстаграмда трафик алудың 10 жолы

ТАРАФИК АЛУДЫҢ 10 ақылы, тегін жолдары

Тарафик ТЕГІН және АҚЫЛЫ болып бөлінгенімен екеуі де жақсы жұмыс жасайды.

ТЕГІН ЖОЛДАРЫ

Сапалы контент

Парақшаңызға сапалы ақпараттар салып отырасыз. Осы арқылы жаңа аудитория келеді.


Оффлайн
Көшеде немесе дүкендерде инстаграм парақшасын жазып қояды. Жұмыс жасайтын тәсіл, осылай көріп қалып, парақшасын ашып көргенмін.

Массфолловинг
Парақшаңыздың аудиториясына келетін адамдарға жазыла бересіз. Шамамен 10% сізге жазылады. Арнайы сервистер арқылы жасаған ыңғайлы. Қолмен жасау қиындау болады.

Масслайкинг
Жазылмай тек лайк басасыз. Белгілі бір бөлігі сізге жазылады. Лайкты суретіне немесе жазған пікіріне басуға болады. Жазылған адамдарға лайк басу арқылы, белсенділікті арттыруға болады.

Хештег
Сторис пен постқа хештегтер жазыңыз. Қосымша трафик әкеледі. Жазған постыңызды байланысты болсын. Хештег бойынша іздеуген кезде шығады.

Геолокация
Аймақты белгілейтін болсаңыз, белгілі бір қалай бойынша іздеген кезде, постыңыз шығып тұрады.

АҚЫЛЫ ЖОЛДАРЫ

Таргетинг
Фейсбук немесе инстаграмның өзі арқылы таргетингтік жарнама жасауға болады. Постыңызды, стористі не видеоны керек адамдарға көрсете аласыз.

Байқауға қатысу
Оншақты парақша бірігіп байқау ұйымдастырады. Парақшаңызды қоссаңыз, қысқа уақытта 5000-10000 адамға дейін жинай аласыз. Одан да көп болуы мүмкін.

Қажет емес адамдар жазып кетуі мүмкін. Оқырмандарыңыз арасында ұйымдастырсаңыз болады. Спонсор болуды ұсынбаймын.

Блогерлерге жарнама
100-200 мың оқырманы бар блогерлерге ақшасын төлеп, жарнамалайсыз. Танымалдығына байланысты бағасы әртүрлі. Өз аудиториясында сенімге ие болса, жарнама жақсы нәтиже береді.

Автодирект
Instaplus секілді сервистер арқылы, автодирект жасай аласыз. Айталық сізге біреу жазылса автоматты түрде хабарлама жібереді. Сайтыңызға сілтеме қойып, трафик тарта аласыз.