Скринкаст түсіруге не қажет?

Компьютердің экараны арқылы жасалатын видеолар, скринкаст деп аталады. Камера арқылы түсіруге қарағанда жеңіл түрі.

Скринкаст видео түсіріп жүргеніме 2 жыл болды. Өзімнің тәжірибеммен бөлісемін. Бірнеше жыл бұрынғы видео мен қазір түсірген видеоларымның сапасы әртүрлі.

Микрофон

Міндетті түрде, тыңдаған жақсы дыбыс жазатын микрофон алыңыз. Алиэкпресстен 10 мың теңгеге алып бастауға болады. Видеоңыз сапалы болып, дыбыс нашар болса, қаралым аз болады.

Компьютер

Скринкастты телефонмен де жасауға болады. Ыңғайлы болуы үшін, компьютер алыңыз. Телефонмен кейбір программалар туралы айтқанда жазуға болады. Кейін компьютермен монтаж жасайсыз.

Скринкаст жасайтын программа

Профессионалды Camtasia Studio программасы бар. Ақылы программа. Қарапайым iSptring Free Cam – нан бастасаңыз болады. Тегін программа. Программаның өзімен аудио өңдеп, монтаж жасауға болады.

Мен Mavavi Screen Recorder – ді қолданамын.

Аудиоредактер

Қандай сапалсы микрофонмен дыбыс жазатын болсаңыз да, өңдеуді талап етеді. Кейбір жерлері жәй шығады немесе қатты шығып кетеді. Шумды жою керек. Дауысты әдемілеу үшін аудиоредактор арқылы, өңдейсіз.

Дыбыс өңдеуге арналған 2 танымал бағдарлама бар:

Audacity – тегін және қарапайым. Өзім осыны қолданамын. Негізгі функциялары бар.

Adobe Audition – профессионалды бағдарлама. Көбіне дыбыс жазатын студиялар қолданады. Ақылы.

Видеоредактор

Видеоға монтаж жасау арқылы, сапасын арттырамыз. Қажет емес жерлерін жоясыз.

Программалар:

Movavi Video Editor – қарапайым бағдарлама. Мен осыны қолданамын.

Видеоларды қиюдан бастап, әртүрлі эффектілер қосуға дейін бар.

Davinsi Resolve – профессионалды бағдарлам. Тегін. Мүмкіндігі жоғары. Қазір осыны үйреніп жүрмін. Мүмкіндік болса, осыны да қарап көруді ұсынамын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *