Тегін фондық музыкаларды жүктеп алуға арналған 2 сайт

Ассалаумағалейкум, құрметті достар.

Бүгінгі ақпарат, әсіресе видео түсіріп, youtube сияқты сайттарға салатындар үшін, өте пайдалы болмақ, әрине видео блогинг деген де, үлкен тақырып, біз бүгін фонға арналған, тегін музыкаларды қайдан алуға болады, сол туралы айтатын боламыз.

Егер білетін болсаңыз, Youtube сияқты сайттарға, кереееет бір, видео түсіріп, фонына авторлық құқығы сақталған әуенді қоятын болсаңыз, сіздің видеоңыз фокус — мокус болып кетеді. Яғни өшіріп тастайды, ең жаманы сіздің акаунтыңызды, блоктап тастауы мүмкін. Сондықтан бұған, жәй бірдеңе ретінде қарай алмаймыз.

Қазір бәрінде авторлық құқық бар, бір суретті көшіріп алып, өз парақшаңызға салатын болсаңыз, сіздің рейтингіңізді түсіріп жіберуі мүмкін.

Осы тұрғыда мен видео сабақ жасап, тегін және авторлық құқықты талап етпейтін фондық музыкаларды, қайдан тегін жүктеп алуға болатыны туралы айттым.

Бүгінше осы, келесі кездескенше.