Без рубрики

Tooligram – ның бұзылмаған түрін, қалай сатып аламын?

Сәлем, достар.

Инстаграмды алға жылжытудың көптеген түрлері бар, солардың бірі арнайы бағдарламаларды қолдану. Осындай бағдарламаладың түрлері, өте көп, соның ішінде ең танымалдарының бірі – Tooligram.

Мынадай жағдай туындап тұр: Осы аталған бағдарламаның, взлом жасалған түрлерін ғаламтор алаяқтары саудалап, сатып жатыр. Ондайды талай рет байқадым. Егер осы бағдарламаны сатып алуды жоспарлап, жүрген болсаңыз, сізге пайдалы ақпарат болады.

Сонымен осы бағдарлама туралы айта кетелік, Tooligram – көп функционалды софттардың бірі және инстаграм арқылы бизнес жасайтындар үшін, өте пайдалы құрал. Ал енді осыны қалай, бұзылмаған нұсқасын сатып алуға болады, сол жағына тоқталайық.

Оны бірнеше факторлар арқылы, өте оңай анықтап алуға болады.

1. Бағасы. Жеке сайтында бағасы, теңгемен айтқанда 7000 – дай болады, демек сіз, сайтынан емес, басқа адамнан алатын болсаңыз, оны бағасы, одан жоғары болады. Мысалы 10 мың теңге. Ал баға 7000 – нан төмен болса, онда алудың керегі жоқ, себебі бұзылған нұсқа екені көрініп тұр, ондайды тегін жүктеп алуға да болады.

2. Жарамдылық мерзімі. Сіз 7 мың теңгеге, жеке сайтынан сатып алатын болсаңыз, бұл 1 айға ғана. Ал бұзылған нұсқасында, мерзім шектелмеген. Яғни сізге сататын адам, осылай дейтін болса, бірдеңе дұрыс емес.

3. Бұлтты режим. Бұл функция өте, пайдалы себебі, бағдарламаны компьютерде қосып қоюдың керегі жоқ, тек тапсырма қоясыз да, жауып тастайсыз, ал ол күні-түні жұмыс жасай береді. Бұзылған нұсқасында, бұл функция жұмыс жасамайды.

Егер таза нұсқасы керек болса, жеке сайтынан сатып алуыңызға болады.

Ал енді сұрақ туындауы мүмкін: “Бұзылған нұсқасы арзан болса, неге қолданбасқа” – деген. Иә, бұл тиімді болып көрінуі мүмкін, бірақ қауіпті.

Взлом жасалған, бағдарламаның көбінде, әртүрлі трояндық вирустар қатар жүреді. Ал оның, сізге тигізуі мүмкін зиянды жақтары көп. Мысалы инстаграмдағы логин мен пароліңізді ұрлап, өзгертіп тастауы мүмкін. Ал сіздің парақшаңызды 10 мыңнан көп адам жиналды деп алсақ, осыдан кейін, көңіл-күйіңіз қалай болады.

Егер бола береді, дейтін болсаңыз өзіңіз білесіз, бірақ кейін аузыңыз күйіп жүрмесін.

Егер сізге, қандай да осын сияқты бағдарламаны сатып алуды ұсынса, жоғарыдағы факторлар арқылы сараптап көріңіз, егер біреуі дұрыс келмей қалса, алудың керегі жоқ.

Кез-келген сатылып жатқан, танымал деген бағдарламаның жеке сайты бар, Google – ге атын жазатын болса, көп жағдайда, сайтын бірінші болып шығарады, жеке сайтынан қажетті ақпаратты қарап алыңыз.

Бүгінше осы, келесі кездескенше.