Желілік маркетингтің, ең қауіпті жағы!

Бүгін, соңғы кездері көп таралып кеткен желелік маркетинг туралы, соның ішінде оның ең қауіпті жағы туралы сөз қозғайтын боламыз, ендеше кеттік…

Сіз ойлап көріңіз ші: “Желілік маркетингтік ең қауіпті жағы не болуы мүмкін?”.

Көптеген компаниялар, тауарын көбірек өткізу үшін, әртүрлі тәсілдерді қолдануда және ең бастысы ол – халыққа да компанияға да тиімді болып тұр. Сондай жүйелердің бірі – желілік маркетинг. Бұл заңсыз немесе алаяқтың түрге жатпайды, осы арқылы ғана бизнес жасап жүргендер көп кездеседі және ондайларды өзім де көргенмін.

Кез — келген істің — “бірақ” деген жағы болады. Бұның тиімсіз жағы немесе ең қауіпті тұсы не деп ойлайсыз?

Желілік маркетингтің ең қауіпті жағы – тәуелділік. Бұл дегеніміз мынау: Сіз 4-5 жыл бойы осы бизнеспен айналыстыңыз деп алайық және табысыңыз, айына 4-5 мың доллар көлемінде, бірақ дағдарысқа байланысты сіз айналысып жүрген компания жабылып қалды. Бұндай жағдайда не болуы мүмкін?

Әрине, 1-2 жылғы еңбегіңіз құриды және табысыңыз да, 0 – ге түседі. Бұдан шығудың жалғыз жолы – басқа бір компания таңдап, тағы да 1-2 жыл еңбектену.

Желілік маркетингтің, ең қауіпті жағы деп отырғанымыз осы.

Әлемдік дағдарыс, кез-келген уақытта болуы мүмкін және кез-келген компанияға әсер етеді, менмін деген корпорациялар мен фирмалар да бұндай жағдайда шығынға ұшырап жатады, бұл желілік маркетингке қатысы бар компанияларға да қатысты сөз.

Жеке басым, желілік маркетингтік жақтамаймын да, даттамаймын да. Себебі бұл бір жағынан пайдалы бол, екінші жағынан минусы да бар.

Солардың ішінде маған ең ұнамайтыны – шетелге кететін капитал. Қазіргі уақытта танымал деген MLM – компаниялардың көбі шетелдік. Бұл жүйеде де кез-келген табыс сатылымнан түседі, ал сатып алатын болсаңыз ақша шет елге кетеді деген сөз.

Менің түсінігім бойынша, ақша – Қазақстан экономикасына жұмсалғаны дұрыс. Бірақ бізде бұндай MLM — компаниялар аз, тіпті енді қалыптасып келе жатыр.

Қорыта айтатын болсақ, mlm – мен айналысам десең, ешкім саған кедергі келтірмейді, бірақ жұмыс істейтін компанияның банкрот болуы – сенің банкрот болуыңа тең.

Бүгінше осы, келесі кездескенше.